Шымкентте 15 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды

6 Ақпан, 21:03 1497

Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі Низамхан орта мектебінің 8-сынып оқушысы үйінен белгісіз дәрі ішіп келгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8-сынып оқушысы үйінен белгісіз дәрі ішіп келгенін құрбысына айтқан. Содан екінші сабақта есінен танып қалған.

Тарих пәнінің мұғалімі мен сынып жетекшісі жедел жәрдем қызметін шақырған. 

Мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері зонт арқылы асқазанын шайды. Оқушы өзін жайсыз сезінгендіктен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2009 жылы туған жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, делінген ведомство ақпаратында.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: