Шымкентте 14 жастағы жасөспірімді зорлаған күдікті Ресейде ұсталды

23 Қыркүйек, 09:21 595

Бас прокуратура он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті 2023 жылы қыркүйекте Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жастағы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды, - делінген Бас прокуратура ақпаратында.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: