Шымкентте 14 бала уланған олимпиаданы ұйымдастырушылар қатаң сөгіс алды

28 Наурыз 2023, 21:30 847

Шымкентте балалар уланып қалған олимпиаданың ұйымдастырушылары жазаланды. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Олимпиада ережесі бойынша қатысушылардың 45 пайызы жүлделі орындарға ие болып, марапатталуы тиіс. Ауруханаға түскен оқушылардың жеке нәтижесі ескеріліп, алтын, күміс және қола медальдармен, Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, кеше Оқу-ағарту министрінің қатысуымен жиын өтіп, онда олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне қатысты тиісті шаралар қабылданды. Жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша Шымкент қаласында республикалық олимпиаданы тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін орта білім комитеті төрағасының міндетін атқарушыға, орта білім комитетінің мазмұндық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды» деп жазды вице-министр Facebook парақшасына.

EL.KZ
Бөлісу: