Шымкентте 13 жастағы аспазшы VIII палау Фестивалінде ең үздік атанды

28 Қазан 2018, 01:10 3104

Шымкентте «Достық дастарханы» халықаралық палау фестивалі сегізінші рет ұйымдастырылып, өткізілді.

Қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Дустлик» өзбек этномәдени орталығы бірлесе ұйымдастырған шараға еліміздің және көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан 30-дан астам аспаз қатысты.

Меркекелік шараға аудан әкімдері мен қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қатысты.

Палау басудан үздіктер қатысқан байқауда аспаздардың шеберлігі сынға түсті. Байқау шарты бойынша тағамның дәмі, аспаздың асты ерекше дайындау тәсілі сараланды. Фестивальде қонақтар мен Шымкент қаласының тұрғындары «Махаббат», «Достық», «Бірлік» секілді палаудың 30-дан астам түрінен дәм татып, арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 13 жастағы ең жас аспаз Бабамұрат Абдурахманов жеңіп алды. Өзге жеңімпаздар диплом  және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бөлісу: