29.01.2023
18:40
1807

Шымкенте Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отырыс барысында комиссияның 2022 жылғы атқарған жұмыстарының нәтижелері айтылды. 2023 жылғы 1 тоқсанға діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі талқыланды.

Террористік сипаттағы қылмыстар үшін түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарының ағымдағы жай-күйіне талдау жасалды.

Отырыс нәтижесі бойынша қатысушыларға тиісті тапсырмалар берілді.