Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында Шымкент-Ташкент веломарафонның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл сайын көктемде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан велошеруге биыл еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты.
Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл үрдіс Шымкент қаласында да жалғасын тауып келеді. Бүгінде қала тұрғындарының бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасалып, қажетті инфрақұрылым желісі дамып келеді, — деген Сәрсен Абайұлы веломарафонға қатысушыларға ақ жол тіледі.