Шымкенттік делегация Қытай Халық Республикасында арнайы жұмыс сапарымен Сиань қаласында кездесулер өткізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, арнайы топ ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған «өзара серіктестік орнату» туралы меморандумға сәйкес, Партком партия комитетінің төрағасы Фан Хонвэмен және партия өкілдерімен кездесті.
Кездесуде екі қала арасындағы жоспарлар мен мүмкіншіліктер жайы талқыланып, алдағы уақытта Шымкент-Сиань әуе рейсін ашу мәселесі қаралды.