Шымкент қаласында жоғалып кеткен әйел табылды

31 Мамыр, 16:48 1353

Шымкентте полицейлер жоғалған 56 жастағы әйелді тауып, отбасымен қауыштырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға туыстары есте сақтау қабілеті тұрақсыз азаматшаның үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткенін хабарлаған.

Жоғалған азаматшаның жүрген жерін анықтауға полиция қызметкерлері мен волонтерлар жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары оның болуы мүмкін барлық орындарды аралап, камералардағы жазбаларды тексеріп, көру-білуі мүмкін адамдардан сұрастырды.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің инспекторлары азаматшаны аман-есен тапты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: