Шымкент қаласы әкімінің парамен ұсталған орынбасары екі айға қамауға алынды

22 Шілде 2023, 16:49 1419

Пара алу күдігі бойынша ұсталған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың екі айға қамауға алынғаны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Шымкент қалалық ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа бұлтартпас шара ретінде екі айға қамау шарасын тағайындады, - деп жазылған ҰҚК таратқан хабарламада. 

Мақсұт Исаховты 20 шілдеде ҰҚҚ прокуратураның араласуымен ұстағаны белгілі болды.  

Асқар Таудай
Бөлісу: