Шымкент қалалық емханасында практикалар орталығы ашылды

16 Қыркүйек 2023, 11:18 577

Шымкенттегі № 6 қалалық емхана базасында Үздік практикалар орталығы құрылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бастаманың мақсаты медициналық көмектің қолжетімділігін және халықтың қанағаттану деңгейін жақсарту, адам мен оның отбасының қажеттіліктері саласындағы денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау, шағымдар санын азайту, шағымдардың түрлерін талдау, ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізу болып табылады. Сондай-ақ халықтың медициналық сауаттылық деңгейін арттыру, ауруларды емдеу және профилактикасы процесіне қатысу, халықтың денсаулығын сақтау саласындағы жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ диагностикалық-бағдарланған тәсілден тұлғаға бағдарланғанға көшу болып отыр.

Осыған байланысты, 2023 жылдың мамыр-маусым айларында «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының сарапшы-мамандары дәрігерлерге, мейіргерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, психологтарға және бас дәрігердің орынбасарларына «Әлеуметтік жұмыс, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік технологиялар, алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі адами тәсілдер» және «Денсаулық көрсеткіштерін жақсарту үшін Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына халықтың сенімін қалыптастырудың әдіснамалық тәсілдері» тақырыптарда тренингтер өткізген болатын. 

Емхананың 107 қызметкері, оның ішінде 68 дәрігер, 39 орта медицина қызметкері біліктілігін арттырудан өтті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне сәйкес бөлінген қаражатты желілік шкаладан асырмай орындауға қол жеткізілді және толық игерілді.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде №6 қалалық емхананың мақсаты мен қызмет бағыттары әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету болып табылады. Реформаланған емхананың жаңа құрылымы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жаңғырту және басым дамыту мақсатында пациент пен оның отбасының қажеттіліктері төңірегінде барлық медициналық қызметтерді біріктіруге бағытталған.

Тренинг орталығында жүрек тоқтаған кезде алғашқы көмек көрсету, акушерлік және гинекологияда алғашқы көмек көрсету, баланың жарақаттануы кезінде мейіргерлік манипуляция дағдылары тақырыбында тренинг сабақтары өткізіледі. Емханада «Әл-Фараби» жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді, ол 8 мемлекеттік және 2 жеке оқу орнын қоса алғанда, 10 мектепте 12 жастан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға профилактикалық медициналық көмек көрсетеді.

Емханада QR-код әдісімен барлық учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандардың аты-жөні, жұмыс кестесі  көрсетілген және қабылдауда болған пациенттер өз пікірлерін қалдыра алады.

Алдағы уақытта емхананың бөлімше меңгерушілері мен аға мейіргелерін, бас дәрігердің орынбасарларын оқыту және аутизмі бар балаларды анықтау және олардың отбасыларымен жұмыс жүргізу бойынша «Денсаулық сақтаудағы жобалық менеджмент» жобасы жоспарланған. 

Асқар Таудай
Бөлісу: