Шымкент прокуратурасында ер адам өз-өзін өртемек болды

28 Тамыз 2023, 15:00 1115

Шымкенттегі прокуратурада ер адам өз-өздерін өртеп жібермек болған. Бұл туралы OTYRAR-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

OTYRAR редакциясына бейнежазба келіп түсті. Онда бірнеше ер адам мен әйел қалалық прокуратурада сөзге келіп қалғанын көруге болады. Осыдан соң кадр үзіліп кетіп, артынша кабинетте шашылып жатқан киімдер көрінеді. Жартылай жалаңаш ер адам прокуратурадан шығарылса, жанындағы әйелдердің айқайлағаны көрінді. Видео авторларының сөзіне қарағанда, прокуратурада ер адам өз-өзін өртемек болған, - делінген мәліметте.

Заңгердің сөзіне қарағанда, адамдардың мұндай қадамға баруына бір жарым жылдан бері алаяқтық ісі бойынша әділеттілікке қол жеткізе алмауы себеп.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: