23.09.2024
22:27
768

Шымкент полициясының жаңа бастығы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша министрдің бұйрығымен Шымкент қаласы ПД бастығы лауазымына Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство жаңа басшының әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мен оның жоғары кәсібилігін атап өтті. 

Нұрлан Алмасбеков бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 

Бұған дейін мегаполистегі полиция ведомствосын Думан Таев басқарған болатын. Ол ПД қарамағына енгізілді.