Шымкент полицейлері талмасы ұстаған бүлдіршінді құтқарып қалды

14 Маусым, 11:23 504

Шымкентте патрульдік полицейлер аялдамалардың бірінде құлап, есінен танып жатқан баланы байқаған. Полиция мәліметінше, екі жасар баланың анасы қорыққаннан не істерін білмеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы бір жағымен жатқызып, алғашқы көмек көрсетті. Аз уақыттан соң ол есін жиып, өзіне келді. Кейін полицейлер баланы қызметтік көлікпен кептеліссіз, бірнеше минут ішінде ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды, - делінген мәліметте.

Осылайша, тәртіп сақшылары жедел және үйлесімді әрекет етіп, тағы бір адамның өмірін сақтап қалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: