Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан техникалық ақау шығып, әуежайға кері қайтуына тура келді, деп хабарлайды El.kz Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9 шілде күні Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ӘК А320-да КС 342 рейсінің биікке көтерілу кезінде техникалық себепке байланысты сол жақ қозғалтқыш ажыратылды. Экипаж тиісті рәсімдерді орындап, жағдайды бақылауға алды. Осылайша Шымкент әуежайына оралу жөнінде шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай ұшақтың қайта қонуы ескертусіз орындалды.
Сондай-ақ, ресми ақпаратта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментімен бірлесіп тергеу жүретіні айтылған.
Аталған рейс жолаушылары FlyArystan мен Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне отырғызылады.