Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды

25 Наурыз, 21:40 509

Бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП ЖШС) жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды. Бұл ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастырады.

ПҚОП-та жұмылдырылған мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өтті. Зауыт басшылығы жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеттерін қойды.

Перизат Саденова
Бөлісу: