Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шымкентте орталық көшелердің бірінде орналасқан жарықдиодты экрандардың бірінде мазмұны тұрғысынан әдепке жат келетін жазба пайда болды. Оны көрген тұрғындар мен қонақтар видео мен фотоға түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі аталған жайтқа қатысты түсінік берді. Бейәдеп сөз жазылған жазбаның рұқсатсыз орналастырылғаны анықталып, жарнама экраны дереу өшірілген.
Цифрлық тасымалдағыштың техникалық қауіпсіздігі мен мазмұнына жауапкершілік құрылғы иесіне жүктеледі. Экранды пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты аудандық әкімдік тарапынан иесіне қатысты әкімшілік шара қолдану басталды.
Өз кезегінде конструкция иесі қала тұрғындары мен қонақтарынан орын алған оқиға үшін кешірім сұрайды. Қосымша түрде бұл іске үшінші тараптардың араласуы мүмкін деген күдік бойынша тексеру жүргізілуде. Материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатын болады,-деп атап өтті әкімдіктен.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары