Лос-Анджелесте Шымкенттен шыққан жігіттер ашқан жаңа кәуапхана бір айдың ішінде-ақ қазақстандық диаспора мен жергілікті тұрғындардың сүйікті орнына айналды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Лос-Анджелесте қазақша дәмді кәуапты қайдан жеуге болады?» деген сауалға жауап табылғандай. Бар болғаны бір ай бұрын ашылған бұл шағын мейрамханаға қазірдің өзінде халық көптеп жиналады. Мұнда тағамдар таза халал еттен дайындалады. Қой еті, сиыр еті және тауық еті бар. Бағасы – бір таяқшаға 8 доллардан басталады. Порциялары мол: пияз бен лаваш қосылады, ал сусындарды бөлек алуға болады. Бұл жер қазақтардың бас қосатын дәстүрлі орнына айналып үлгерген. Келушілердің айтуынша, бұл – нағыз қазақша нетворкинг, яғни еркін отырып, әңгімелесетін орта, - деп жазды келушілердің бірі.
Мекеме иелерінің сөзінше, күніне шамамен 150 таяқша кәуаа сатылады, ал қонақтардың саны күн санап артып келеді.
Осындай бастамаларды қолдау – бәріміз үшін маңызды деп ойлаймын, – дейді мейрамханаға келген бір қонақ.
@disa_007.kz Где покушать шашлык в ЛА?! 🇺🇸🇰🇿
♬ оригинальный звук - Disa_007.kz