Otyrar.kz сайтының мәліметінше, Шымкент қаласындағы әуежайда таңертеңнен бастап 5 рейс уақытынан кешіккен.
Елорда бағытындағы тағы екі рейс мүлдем ұшпайтын болған. Салдарынан барлығы 724 адам әуежайда абдырап, жақсы хабар күтуге мәжбүр. Бәрінен Шымкенттен Алматыға ұшатын рейс жолаушыларына қиын болды. Бұл - 134 адам. Олар өз рейсін таңғы 10-нан бері күтіп жүр. Арасында балалар көп. Аталған рейс ұшу уақытынан 12 сағатқа кейінге шегерілді. Қазір Шымкент әуежайының ғимараты жолаушыларға толы.
Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі оңтүстік мегаполис әуежайындағы жағдайға түсініктеме берді.