«Шымкент-Астана» пойызында сәби дүниеге келді

22 Қазан, 10:06 535

Жолаушы күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Сары-Шаған стансасына жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды.

21 қазанда сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді. 

Соңғы үш жыл ішінде жолаушы тасымалы компаниясының пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: