Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары сот залында көз жасына ерік берді

6 Наурыз, 10:37 1770

Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экс-шенеунікке ҰҚК департаментінің қызметкеріне пара бермек болды деген айып тағылды. Бірақ Исаховтың өзі кінәсін мойындамайды.

Әкімнің орынбасары бұл қылмысты жасамағанын алға тартады. Сотта сөз алған ол көз жасына ерік те берді.

Айта кетейік, 50 жастағы Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін үш жыл атқарған. Ол көлік, автожол, еңбек инспекциясы, спорт, цифрландыру және жерді қорғау салаларына жауап берген.

Шенеунік былтыр шілде айында пара берді деген күдікпен ұсталды. Іс материалдары бойынша, 200 мың доллар ҰҚКД қызметкеріне беруге бағытталған екен. Алдын ала болжам бойынша, Исахов бұл қаржыны өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін қозғалған істі жабу үшін бермек болған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: