Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 2023 жылы 20 шілдеде пара берді деген күдікпен ұсталған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкім шығарып, Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Исахов 8,5 жылға сотталды. Ол бұған дейінгі сот отырыстарында өзінің кінәсіз екенін айтып, жарыссөзде судьядан ақтауды сұраған еді.
Мақсұт Исаховқа қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара берді деп айыпталды. Әкімнің орынбасары бұл қылмысты жасамағанын алға тартады. Сотта сөз алған ол көз жасына ерік те берді.