Жартаста қалып қойған — ТЖМ құтқарушылары Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға 2025 жылғы 6 шілдеде кешқұрым болған.
Шымбұлақ маңындағы тауда үш жасөспірімнің өз бетімен төмен түсе алмай қалғаны туралы құтқарушыларға хабар түсті. Жартасты аумақта соқпақ жол болмаған. Геолокация берілді, байланыс үзілмеді. Республикалық жедел-құтқару жасағының құрамы Медеу постынан дереу оқиға орнына аттанды,- деп жазды ведомство.
Құтқарушылар жаяу жүріп, координаталар бойынша тауға көтерілген. Тік жартастар мен қауіпсіз маршруттың болмауы арнайы альпинистік құралдарды қолдануды қажет етті.