Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында таулы жерде шыққан өртті сөндіру үшін пойыз тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 тамызда Ұлан ауданы Смолянка ауылының шетіндегі таулы жерден өрт шыққан. Қызыл жалын шөп пен бұталарды шарпыды.
Қатты жел оттың жылдам таралу қаупін тудырды. Тілсіз жауды сөндіруге жедел түрде орманшылар, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД жеке құрамынан 71 адам мен 10 техника жұмылдырылды.
«Қазавиаорманқорғау» МИ-2 тікұшағымен жетуі қиын жерге өрт сөндіру десанты жеткізілді.
Сонымен қатар құрамында 10 адамы бар «КТЖ ҰК» өрт сөндіру пойызын жіберу туралы шешім қабылданды, - делінген ақпаратта.
Өртті ауыздықтауға таулы, жартасты жер қиындық келтірді. Бірлескен іс-қимылдың арқасында өрттің жақын маңдағы елдімекенге таралу қаупі сейілді.
Сағат 20.35 шамасында жалпы ауданы 9 гектарға жайылған от тежелді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары