Шығыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты

5 Тамыз 2023, 02:11 875

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты 3 тамызда Күршім ауданының аумағында болған.

«Күршім – Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында Nissan Teana маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды, - делінген Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: