13.08.2023
17:57
1146
Шығыс Қазақстанда жаза басқан мемқызметшілер жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстанда жаза басқан мемқызметшілер жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысында былтыр жиырмадан астам мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Altaynews.kz-е сілтеме жасап. 

Облыс бойынша Тарбағатай, Самар, Шемонаиха аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, салынған айыппұлдан сомасы бір миллион теңгеден асқан. 
 
2023 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 680-бабы бойынша аудандар әкімдіктерінің дербес бөлімдерінің төрт басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы - 1 035 000 теңге", - деп жазылған ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан ақпаратта. 

Былтыр жиырмадан астам мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 14-і кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін жазаланды. Жалпы, олардан 6 млн теңгеден астам қаражат өндірілген. 

Бұдан бөлек, үш мемлекеттік қызметшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі). Мемлекет кірісіне 918 900 теңге өндірілді.

ШҚО қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің тағы алты басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша айыппұл салынды (іс жүзінде адамды лауазымға тағайындау, активтер мен міндеттемелер туралы декларациясыз). Өткен жылы айыппұлдардың жалпы сомасы 7,84 млн теңгені құрады.