Шығыс Қазақстанда тұмау жұқтырған науқастар саны 5 есе артты

27 Қазан, 21:25 399

Шығыс Қазақстан облысында биыл тұмау жұқтырғандар саны 5,6 есе артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті.

Биылғы тоғыз айда өңірде 200 863 адам ЖРВИ-ге шалдыққан. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,74 есе көп. Сонымен қатар тұмаудың зертханалық расталған 228 жағдайы тіркелді. Былтыр 43 адам ғана тұмау жұқтырған еді. Яғни биыл ауырғандар саны 5,6 есе артты.

Сырқаттану деңгейі көпжылдық бақылау көрсеткіштерінен аспайды. Алайда біз облыс тұрғындарына уақытылы вакцина алып, аурудың алдын алуға кеңес береміз, — дейді департамент басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық аясында өңірге тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина жеткізілген.

Перизат Саденова
Бөлісу: