13.03.2023
11:30
1272
Шығыс Қазақстанда республикалық жол жабылды

Шығыс Қазақстанда республикалық жол жабылды

Бұл туралы QazAvtoJol жергілікті тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов" тасжолының Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралығында қозғалыс шектелді" - делінген QazAvtoJol таратқан хабарламада.

Жол қар көшкінін түсіру бойынша профилактикалық жұмыстарға байланысты жабылған.