Шығыс Қазақстанда қар көшкініне байланысты жол жабылды

3 Ақпан 2023, 21:23 1216

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.

«Облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» трассасының (Жоғарғы Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

EL.KZ
Бөлісу: