Шығыс Қазақстанда іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды

16 Қараша 2022, 02:49 1157

үш күннің ішінде 65 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізген, деп хабарлайды El.kz.

Соның аясында үш күннің ішінде 65 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды.

«Полицейлер екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 360-ы ұсақ бұзақылық, 518-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде жүру. 492 адам өңір аумағында тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Бұдан бөлек, заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мас күйде көлік тізгіндеген 26 жүргізуші анықталған. Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылса да ішімдік ішіп рульге отырған 5 адам ұсталды.

EL.KZ
Бөлісу: