Шығыс Қазақстанда алғашқы қар жауды

Шығыс Қазақстанда алғашқы қар жауды

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында алғашқы қар түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Ұлттық парктің мәліметінше, Мәметек мекенінде қардың қалыңдығы 20–25 см. Ондағы қызметкерлер ұлттық парк  аумағында заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Инспекторлар аумақты бақылауды күшейтіп, табиғатты қорғау шараларын тұрақты қадағалауда.