Шығыс Қазақстанда 75 лудоман құмар ойынға өз еркімен шектеу қойды

20 Маусым, 11:33 1088

Шығыс Қазақстанда 84 млн теңге қарызы бар алимент төлей алмай жүргендер букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам сома аударған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер А., онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойнына бәс тігіп, ұтылған.

Талдау нәтижелері бойынша оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.

Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің  туризм индустриясы Комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды.

Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады.

Бүгінгі таңда алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: