Шығыс Қазақстанда 300-ден астам адам интернет-алаяқтарға алданып қалды

24 Шілде 2023, 02:31 804

Шығыс Қазақстан облысында биыл 300-ден астам адам интернет-алаяқтарға алданып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде интернет-алаяқтардың арбауына түсетіндер аз емес. Жыл басынан бері зардап шеккендердің саны 300-ден асып отыр.

Алаяқтар интернетте кеңінен танымал барлық сайттарда, әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Көбінесе хабарландырулар салынатын сайттарда «құрбандарды» іздейді. Сондай-ақ жақын туысының қиын жағдайға тап болғанын айтып хабарласатындар, өздерін банк қызметкері ретінде таныстыратындар да көп, - делінген ақпаратта.

Интернеттегі алаяқтардың кім екенін анықтау оңай емес. Себебі олардың арасында Қазақстанда емес, басқа елде отырғандар да бар.

Анықталғандай, басқа елден хабарласатындардың дені Ресей мен Украинадан. Азаматтарды барынша абай болуға, ешқандай жағдайда ақшаны телефон арқылы салмауға, банк картасының артындағы үш санды және телефонға келген кодты айтпауға шақырамыз, - делінген ақпаратта.

Перизат Саденова
Бөлісу: