Шығыс Қазақстанда 100 тоннадан астам шөп өртенді

23 Қазан 2023, 03:26 701

21 қазан күні сағат 20.00 шамасында Алтай ауданының өрт сөндіру бөліміне Шірікқайың ауылында шөп өртеніп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері шөп жиналған аумақта 100 тоннадан астам шөп үйіндісі өртеніп кеткенін анықтады.

Өрт 22 қазанда таңертең сағат тоғыздарда толық жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы, яғни бөтеннің мүлкін өртеу арқылы қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: