08.03.2025
11:06
901
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

Қазақстандық сейсмологтар Шығыс Қазақстан облысыаумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«8 наурыз күні Астана уақытымен 08:29-да Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Зайсан қаласынан 48 шақырым қашықтықта, таулы аймақта болды. Жер сілкінісінің қарқындылығы Зайсан маңында 2 баллды құрады», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.