Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.
Марқұм өмірінің соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.