Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылатын болды

15 Сәуір, 07:38 810

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылмақ. Облыстағы Глубокое және Тарбағатай аудандарындағы бірнеше кент ауылға айналып, кейбір ауылдар таратылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Нақты айтқанда, Глубокое ауданындағы Алтайский және Верхнеберезовский кенттері ауыл санатына жатқызылады. Сметанино, Калинино ауылдары мен Аврора станциясы таратылып, өзге қоныстар санатына енгізіледі. Сметанино – Кожохова елдімекеніне, Калинино – Алтайский ауылына, Аврора станциясы – Предгорное ауылының құрамына қосылады, - дейді ШҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары Мерей Асылханов.

Тарбағатай ауданы бойынша Сағындық, Өтеген, Жалғызтөбе ауылдары таратылады. 

Сараптама комиссиясы мен ғылыми сараптама қорытындысы жасалған. Енді жоба «Ашық НҚА» порталына шығарылады. 

Зарина Арман
Бөлісу: