Шығыс Қазақстан облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті

23 Тамыз, 00:11 411

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы «Балақай» спорттық-сауықтыру орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, ҚХА, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, халықаралық жастар ұйымдары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері және блогерлер қатысты.

Жобаның мақсаты – этникалық жастар арасындағы достықты нығайтуға жәрдемдесу, мәдени әртүрлілік қағидаттарына негізделген жастар қауымдастығын дамыту.

Үш күнге жоспарланған лагерь бағдарламасы жастардың әлеуетін дамытуға бағытталып, оның аясында пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері, мотивациялық кездесулер, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоба аясында шақырылған спикерлер жастарға азаматтық құндылықтарды дамыту және қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мәдениетаралық коммуникацияларды ілгерілету бойынша дәрістер өткізді.

Зарина Арман
Бөлісу: