Шығармашылық салада мамандар даярлауға 1600-ден астам білім беру гранты бөлінді

17 Шілде, 08:48 552

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде шығармашылық мамандыққа мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талқылауға Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ЖОО басшылары және тағы басқа қатысты.

Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің 10 оқу орнында шығармашылық мамандарды даярлайды. Олар 4 жоғары оқу орны, 4 колледж және 2 арнайы мектеп.

Кездесу қорытындысы бойынша, 2024-2025 оқу жылына 895 – бакалавриат, 166 – магистратура және 26 – докторантураға білім грантын бөлу туралы шешім қабылданды. 

Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері арасында 550 бюджеттік орын бөлінді. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 50 грантқа артық. 

Сарапшылар шешім қабылдау барысында ең алдымен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескерді. Нәтижесінде музыкалық театр режиссерлеріне, музыкатанушыларға, реставратор-суретшілерге және сценаристерге деген жоғары сұранысты анықтады. Осыған байланысты жаңа білім беру бағдарламаларын ашып, гранттар санын көбейту арқылы осы мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға назар аудару ұсынылды.

Зарина Арман
Бөлісу: