Өскеменнің қоқыс полигондары әлдеқашан толып кеткен - эколог

6 Тамыз 2022, 08:31 1365

Шілде айынан бері жобалаушылармен және сарапшылармен бірнеше рет кездесу өткізілді. 

Облыстық экология департаментінің басшысы Өскеменнің жылына бірнеше рет өртенетін қоқыс полигоны жайлы айтты, деп хабарлайды EL.KZ Алтайньюске сілтеме жасап.

Қазіргі полигон баяғыда-ақ лық толған. Біз жыл сайын қала әкімдігіне жаңа полигон салу туралы шешім қабылдайсыздар деген шартпен бір жылдық рұқсат беріп келдік, – дейді ШҚО экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев.

Оның айтуынша қала әкімдігі енді ғана «Еуропа қайта құру және даму» банкімен бірлескен қызмет аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жобасы бойынша келісім жасасты.

Шілде айынан бері жобалаушылармен және сарапшылармен бірнеше рет кездесу өткізілді. Сұйық қалдықтар мен тамақ қалдықтарын компосттайтын алаңдарды қоса салу керек деп келісілді. Қоқыстар қала ішіндегі ескі полигонда сұрыпталады. Жаңа полигон қала сыртында – Ұлан ауданында тау массиві аумағында салынады. Қоршаған ортаға және халыққа зиян тимес үшін, мамандар желдің бағытын ескере отырып осы орынды таңдады. Бұл жерге ең жақын ауылдың өзі бес шақырым қашықтықта орналасқан, – Данияр Әлиев.


EL.KZ
Бөлісу: