7 қыркүйек күні түнгі сағат 01:00 шамасында ШҚО Глубокое ауданында, Каменный карьер ауылының маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенген, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өртті жоюға ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, орманшылар мен полицейлер жұмылдырылған.
Сонымен қатар ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімінің 200-ге жуық жауынгері жұмылдырылды.