Шығыс Қазақстанда іздестіру және құтқару ауданында үйлестіру оқу-жаттығулары өтті

18 Шілде 2022, 15:04 1847

Оқу-жаттығудың ерекшелігі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД жерүсті іздестіру-құтқару күштерін тарту болып табылады

Шығыс Қазақстанда іздестіру және құтқару ауданында үйлестіру оқу-жаттығулары өткізілді ,–  деп хабарлайды El.kz.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ҚР ТЖМ қолдауымен іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) ұйымдастыру және жүргізу бойынша үйлестіру жаттығуларын өткізді. Оқу-жаттығуға Шығыс Қазақстан іздестіру және құтқару ауданында кезекшілікті жүзеге асыратын «Казавиаспас» АҚ-ның экипажы және өкілдері , Өскемен қаласындағы «Казаэронавигация» РМК филиалының іздестіру және құтқару және әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің үйлестіру орталығы, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД жерүсті іздестіру-құтқару күштері, Өскемен қаласы әуеайлағының авариялық-құтқару командасы қатысты.

 Оқу- жаттығу жоспары бойынша: АН-2 әуе кемесі Өскемен-Ақсуат рейсін орындады. Ұшып көтерілгеннен кейін қозғалтқыштың тұрақсыз жұмысы және әуеайлақтан тыс автомобиль жолына қону туралы шешімің хабарлады. Оқу-жаттығу барысында жоғарыда көрсетілген қызметтер іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу кезінде өзара іс-қимыл жасау әдістемесін, апатқа ұшыраған ӘК іздеу әдістерін, іздестіру-құтқару 

ӘК отырғызу үшін алаңдарды таңдауды және оқиға орнынан зардап шеккендерді эвакуациялауды пысықтады. Оқу-жаттығуды өткізу үшін борттағы құтқарушылар мен медицина қызметкерлерімен «Казавиаспас» АҚ-ның Ми-8 кезекші тікұшағы жұмылдырылды. Осы оқу-жаттығудың ерекшелігі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД жерүсті іздестіру-құтқару күштерін тарту болып табылады.

Бұл кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының әуе және жерүсті құрамаларының іс-қимылдарын үйлестіру элементтерін пысықтауға мүмкіндік берді. Жалпы, мұндай оқу-жаттығулар Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияға «іздестіру және құтқару» 12-қосымшасының негізінде құрылған ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің элементі болып табылады.

Мұндай жүйе мемлекеттік басқару органдарының (қорғаныс, төтенше жағдайлар және азаматтық авиация) және әртүрлі ұйымдардың іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының өзара іс-қимылының арқасында жұмыс істейді. Авиациялық оқиғалар мен апаттар жағдайында апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипажын құтқару бойынша жедел ден қою шараларын («алтын сағат» ережесі) қабылдау жүйенің мақсаты болып табылады. Ол үшін еліміздің барлық аумағында іздестіру-құтқару операцияларын жүргізудің өңірлік жедел жоспарлары әзірленді, әуеайлақтарда кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелері мен авариялық-құтқару командалары орналастырылды, олардың іс-қимылдары республикалық деңгейде үйлестіріледі. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ оқу-жаттығуларға қатысқан барлық ұйымдарға өз алғысын білдіреді.

Бөлісу: