Шығыс Қазақстанда қар көшкін кезінде екі альпинист қаза болды

24 Маусым 2022, 01:13 1435

Қайғылы оқиға 23 маусым сағат 10.00 шамасында болды.

Шығыс Қазақстандағы Белуха тауындағы туристік трассаны нығайту жұмыстары кезінде көшкін жүрді. Екі альпинист қаза болды, тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Қайғылы оқиға 23 маусым сағат 10.00 шамасында болды. Апат салдарынан 1992 және 1988 жылы туған екі ер адам көз жұмды. Сондай-ақ 1990 жылы туған Ресей азаматы зардап шекті. 32 жастағы тағы бір альпинист аман қалды, - делінген хабарламада.

Жету қиын болғандықтан, "Қазавиақұтқарудың" МИ-8 тікұшағы жіберілген. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада бір метр биіктікте қалқып тұрып, құтқарушылар альпинистерді тікұшаққа көтерді. Бір альпинистке апат медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Бөлісу: