Шығысқазақстандықтар «Медовый Спас» фестивалін атап өтті

19 Тамыз 2019, 11:51 1947

Славян халқы аралардың биылғы жылы берген алғаш өнімінен дәм татып, қасиетті мереке - «Медовый Спасты» атап өтті.


Қысқа әлден қамданған славян халқы Риддер қаласындағы бал фестиваліне жиналды. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған омарташылар өздерінің үздік балдарын жиналған қауым назарына ұсынды. 


Шараға этномәдени бірлестіктер, шығармашылық ансамблдер және қолөнершілер арнайы келді.

Аудандардың шығармашылық бірлестіктері мерекелік концерт әзірлеп, өнерлерін ортаға жайып салды. Қала тұрғындары мен қонақтары балдан дәм татып, қолөнер бұйымдарын тамашалады.

Славян халқы «Медовый спас» мерекесін асыға күтеді. Себебі бұл күні шіркеуге құлшылық етіп, қыстан аман шығу үшін отбасының тілеуін тілейді және 2 апта ауыз бекітеді.

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» славян халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртып, насихаттау мақсатында әр мерекені қалт жібермейді. Бал фестивалі Риддер қаласында үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. «Медовый Спас» мерекесі 2 күнге созылады. Славян халқы бұл күндері көңіл көтеріп, кешкі от алауымен ойын-сауық ұйымдастырып мерекені аяқтайды.


Даты, на которые приходятся эти праздники, неизменны из года в год. Первым отмечают Медовый Спас – 14 августа, потом Яблочный Спас – 19 августа, а последний – Ореховый Спас, который празднуют 29 августа.

Бөлісу: