Шығыс Қазақстанда 6 жасар баланы құтқарған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі төсбелгімен марпатталды

9 Тамыз 2022, 19:25 1486

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді

Шығыс Қазақстанда 6 жасар баланы құтқарған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Тілек Құмарбековке «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі салтанатты түрде табысталды,– деп хабарлайды El.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өз өмірін қатерге тігіп, шұғыл жағдайда балаға көмекке келу – нағыз ерлік. Тілек өз өмірін қатерге тіккенін біледі. Ұлттық ұланның жауынгерлері әрқашан батылдық танытумен ерекшеленеді», – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Сондай-ақ, ол ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ержүрек ефрейторға «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін салтанатты түрде табыс етті.

Оқиға 19 шілдеде болған. Үлбі өзеніне батып бара жатқан баланы құтқаруға ұмтылған Тілек Құмарбеков судың қатты ағысына қарсы тұрып, өзі мерт бола жаздайды. Ол суға тұншығып барып аман қалған.

Бөлісу: