Швецияда жұмыртқа тапшылығы пайда болды

10 Шілде 2023, 08:28 757

Швеция дүкендерінде жұмыртқа тапшылығы пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған бас өндіруші саналатын CA Cedergren цехында сальмонелланың анықталуы себеп. Бұл туралы компания басшысы Мод Седергрен мәлімдеді.

Елде жұмыртқа тапшылығының басталғанына екі ай болды.  Компания оларды супермаркеттерге жеткізуді тоқтатқан.

Біз бас тартпаймыз, күресуді жалғастырамыз. Біз нарыққа қайта ораламыз, ­– деді Седергрен.

Жұмыртқадағы қауіпті бактериялар сәуір айының басында Швецияның оңтүстік-шығысындағы Флисерид елді мекеніндегі компанияның орау цехында жоспарлы тексеруден кейін табылғаны атап өтілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: