Швецияда шағын ұшақ көлге батып кетті

Швецияда шағын ұшақ көлге батып кетті

Швецияның Ерікті авиация корпусының оқу-жаттығу ұшу кезінде шағын жеке ұшақ Норртелье қаласына жақын орналасқан Лиммарен көліне құлады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Uza.uz-дың жазуынша, ұшақ қонуы жоспарланған Рослаген аэродромы маңында су астынан табылған. Ұшақта болған екі адамның біреуі кабина ішінде қалып қойған. Екінші жолаушы әлі іздестірілуде.

Оқиға орнында полиция, өрт сөндіру және құтқару қызметі, сүңгуірлер мен теңізшілер қатысқан ауқымды операция жалғасып жатыр.

Корпустың аймақтық бөлім басшысы Пер Винбергтің айтуынша, апат бірнеше ұшақ қатысқан жаттығу кезінде орын алған. Қайғылы оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ұшақ апат алдында аэродром үстінде бірнеше рет айналған.