13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Астанаға ірі іскерлік делегацияны басқарып келген Швеция Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Сауда саясаты жөніндегі бас директоры Камилла Мелландермен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар Қазақстан мен Швеция арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Министрдің орынбасары швед делегациясына соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген институционалдық реформалар мен әртараптандырылған әрі болашаққа бағытталған экономиканы құруға бағдарланған шаралар туралы айтты.
Осы тұрғыда Р.Василенко өнеркәсіп, «жасыл» технологиялар, орнықты даму, цифрландыру және инновациялар сияқты салаларда жетекші швед компанияларымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделілік білдіріп, Қазақстан мен Швеция арасындағы өзара сауда көлемін арттыру үшін күш-жігерін екі еселеуге шақырды.
Өз кезегінде К.Мелландер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жоғары әлеует бар екенін атап өтіп, тұрақты сауда, цифрлық трансформация, көлік және логистика, сирек жер металдарын барлау және өндіру салаларында іскерлік байланыстарды нығайту мен тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге швед тарапының дайын екенін білдірді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды