Шұңқыр жолы көп Қазақстанда қаза табатындар көбейген

6 Қараша 2023, 11:45 1360

ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова елімізде зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалғандары жаяу жүргіншілер екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл 10 айдың ішінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан балалардың саны 14 пайызға, ал зардап шеккен балалардың саны 3 пайызға артып отыр. Біз балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалауды үйренуге және қиын жағдайларда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек, - дейді Ақтоты Боранова.

Оның айтуынша, баланың жолдағы мінез-құлқы көбінесе ата-анасының мінез-құлқына байланысты.Сондықтан егер ата-аналар жол қауіпсіздігі ережелері туралы сөйлесіп қана қоймай, оны өздері де сақтаса, бұл мінез-құлық бала үшін нормаға айналады.

Сондай-ақ аға инспектор білім беру мекемелерінің жанындағы жол инфрақұрылымы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Соңғы 2 аптада жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол белгілерімен, жол таңбалары, қоршаулар және басқа да жол жүрісін реттеу құралдарымен жабдықталуын тексеру үшін мектеп аумағында жол және коммуналдық қызмет өкілдері 1700-ден астам тексеру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде табылған кемшіліктерді жою үшін 200-ден астам нұсқама берілді, - дейді полиция.

 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: