28.02.2023
11:56
1123
Шуда жолға қоқыс лақтырған тұрғын жазаланды

Шуда жолға қоқыс лақтырған тұрғын жазаланды

Бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүргізу барысында қоқысты белгіленбеген орынға қалдырған тұрғын анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұрғын өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл бапқа сәйкес, жеке тұлғаларға – 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғатын жаза көзделген.