Шуда көше бойында кетіп бара жатқан жеңіл көлік өртенді

9 Қараша, 11:37 434

Жамбыл облысы Шу қаласында жеңіл көлік өртенді. Оқиға Байтеленов көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт автокөліктің мотор бөлігінен шыққан. Өрт сөндірушілер жалынды тез арада сөндіріп үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. 

Осы ретте мамандар көліктеріңізді техникалық тексеруден өткізіп, ақау шықса, дер кезінде жөндетуге кеңес береді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: